Malim.kz
Қоғам

Саясаткер Уалихан Қайсаров: "Назарбаевтың соңғы күші құлады! Енді Перуашев елден қашады"

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден

Саясаткер Уалихан Қайсаров экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев елдегі ең соңғы ықпалынан айырылды деп санайды. Оның пайымынша, жаңа партия тікелей президенттің бастамаларын қолдап, саясатын ілгерілетудің құралы болады. Бұл айдан анық жайт. Аксиома. Мәселен, қазір ресми дерек бойынша «Аманатта» 850 мың мүше бар. Бірақ сол бір миллионға жуық адамның бірде-бірі қарсы пікір айтқан жоқ. Бұл партияның әлсіздігін білдіреді дейді сарапшы, деп хабарлайды Malim.kz.

"Тоқаев өз күшін көрсету керек болды. Әйтпесе, айналдырған екі-ақ еді ғой қалғаны. Демек, жұмысын аяқтап кетуге мүмкіндік беруге болатын еді. Бірақ Назарбаев пен оның жақтастарына соққы жасау үшін осылай жасап отыр. Әдейі ескі «НұрОтанға» өзінің орнын көрсетіп отыр. Яғни, сендердің қолдарыңнан түк те келмейді, сендердің «көкелерің» жоқ. Біздің айтқанға көнесіңдер деп. Сондықтан бұны әдейі халыққа көрсету, Назарбаев пен жақтастарына көрсету деп қабылдау керек", – деді Уалихан Қайсаров.

Сондай-ақ Уалихан Қайсаров күні кеше билікте отырған адамдардың болашағы жоқ деп отыр. Яғни, оларға қызмет ұсынылмайды. Мысалы, қазір Әділет ресурстары мен ғимараттарын толық түгендеп алды. Демек, енді жаңа құрам жасақтайды. Сәйкесінше, ескі кадрлардың керегі жоқ. Өйткені «нұротандықтар» сенімнен айырылып қалған.

"Перуашев енді қашады Қазақстаннан. Өйткені соңынан түсуі мүмкін. Оған жемқорлыққа байланысты, Назарбаевтың жүйесімен тығыз байланысының болуына байланысты әрі көп ақпарат біледі. Ол үлкен кәсіпорындардың партиясын басқарды. Көп тетіктерді білуі мүмкін. Мәселен, қаржыландыру мәселесін. Сондықтан ол әлгі жағымсыз куәгер ретінде, меніңше, қашып кетуі мүмкін", – деді саясаткер.

Қайсаровтың пікірінше, Азат Перуашевтің төрағалықтан кетуіне сол себеп. Ал келесі қадам оны ұстау болуы ықтимал. Әрі Құрылтайдың құрамына енген тұлғалар білікті, білімді маман болады деп сенеді. Яғни, жазғанды оқып берумен шектелмейді.

"Соңғы 20 жылды алайықшы, қай депутат парламентте қағаздан оқымай ойын айтты. Ондай депутат жоқ. Толық қағазды оқиды. Ол әу баста басталған нәрсе ғой. Партияға қарамайды. Ақжол ма, ОСДП ма депутатқа келіп, қағазды қолына ұстатады. Сосын оқытады. Міне, осыны оқисың, дейді өзіңше болып. Ол өз ішінен шыққандай қылып оқиды", – деді Уалихан Қайсаров.

Бұдан бөлек, саясаткер Уалихан Қайсаров тағы қандай партиялар күш біріктіруі мүмкін, Құрылтай, бір партиялы парламент пен саяси бәсекелестік хақында пікір білдірді. Сұхбаттың толық нұсқасын Мәлімнің youtubeарнасынан қарай аласыздар!

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары