Malim.kz
Әлем

Саида Мирзиёева: Өзбекстан ауқымды реформалардың бастапқы кезеңінде

Арман Қайыпхан
Фото: Саида Мирзиёева / Telegram

Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева алғашқы ірі сұхбатын беріп, онда алғаш рет мемлекеттік басқару жүйесіндегі ішкі жұмыс барысы, ел президентімен қарым-қатынасы және басқарушылық шешімдердің қабылдану ерекшеліктері туралы ашық айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, елде алғашқы нәтижелер қазірдің өзінде сезіле бастады — бизнес жүргізу жеңілдеді. Алайда өңірлерде әлі де көптеген мәселе бар, ал мемлекеттің мүмкіндіктері география, қаржы және ескірген инфрақұрылыммен шектеліп отыр.

«Біз теңізге екі ел арқылы ғана шыға аламыз… Қаржысыз ештеңені шешу мүмкін емес. Барлығы — ақша», — деді ол.

Сондай-ақ кеңес дәуірінен қалған инфрақұрылымды жаңарту қомақты қаражатты қажет ететінін, реформалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Мирзиёева Мирзиёев президентінің әкімшілігі үшін басты басымдық — су ресурстары екенін айтты. Оның сөзінше, бұл алдағы уақытта ел үшін негізгі сын-қатерге айналады. Өзге басым бағыттардың қатарында білім беру, медицина, бизнес және сот жүйесі бар. Ол әділ әрі ашық сотсыз реформаларды іске асыру мүмкін емес екенін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ Мирзиёева президент әкімшілігіндегі жұмысы жергілікті жерлердегі нақты жағдайды көруге бағытталғанын, ал әрбір жеке іс мемлекеттік жүйені жақсартуға мүмкіндік ретінде қарастырылатынын жеткізді.

Ол өзін ең қатты шабыттандыратыны — халықаралық дипломатия мен адамдармен өзара іс-қимыл екенін айтып, коммуникация мен байланыс орнатуды өзінің ең мықты қабілеті деп атады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары