Malim.kz
Шоу-бизнес

Сәкен Майғазиевтің жалғыз ұлы Астанаға көшіп кетті

Алуа Әшірбекова
Фото-коллаж: Arasha.kz

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні Астанаға көшіп, жеке шаңырақ көтерді. Жас отбасының ата-анадан бөлек тұру туралы шешімі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz. 

Бұл туралы әншінің келіні Әдия әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол жаңа баспанаға орналасып, үйді ретке келтірудің өзіне ерекше әсер сыйлағанын жазған.

"Жаңа үйді орналастыру, жаңа ыдыстарды қолдану – ең күшті сезімдердің бірі", – деп жазды Әдия.

Осы жазбадан кейін желі қолданушылары жас жұбайлардың жеке шығуына қатысты түрлі пікір білдірді. Әсіресе Сәкен Майғазиевтің жалғыз ұлының ата-анасынан бөлек тұруы оқырмандар назарын аударды.

Пікір білдірушілердің бір бөлігі әр отбасының жеке тұрғанын дұрыс деп санаса, енді бірі ерлі-зайыптылардың бұған дейін бөлек шықпайтыны туралы айтқан сөздерін еске салды.

"Оның үстіне жалғыз ұл", "Әр отбасы жеке тұру керек", "Сұхбатында бөлек шықпаймыз деген еді, бәрібір кетіпті", "Сәкен неге жалғыз ұлын бөлек шығарды екен?" – деп жазды желі қолданушылары.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары