Malim.kz
Білім-ғылым

Шәкіртақыны көбейту мәселесі қарастырылып жатыр

Айбын Атабай
zakon.kz. Павел Михеев

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттердің шәкіртақысын арттырудың кезекті бесжылдық бағдарламасы басталуы мүмкін екенін айтады. Министрдің айтуынша, алдыңғы цикл аяқталғанымен, ведомство төлемдерді алдағы уақытта да жыл сайын көбейту мәселесін Үкіметпен ақылдасып жатыр.

«Бұл цикл аяқталды. Қазір келесі бесжылдық циклді іске қосу үшін кеңес жүргізіп жатырмыз, бірақ нақты шешім әлі қабылданған жоқ», — деді Саясат Нұрбек.

Студенттер мен докторанттардың қазіргі табысы

Министрдің мәліметінше, бүгінде педагогикалық емес мамандықтарда оқитын студенттердің ең төменгі шәкіртақысы шамамен 55 мың теңгені, ал PhD докторанттардың төлемі айына 254 мың теңге төңірегін құрайды.

Сонымен қатар, мемлекеттік жоғары оқу орындарындағы оқу ақысына қатысты жағымды жаңалық бар: бағаның өсуі қатаң бақылауда болады. Министрлік оқу құнын тек инфляция деңгейіне сәйкес, яғни 10 пайыздан асырмай ғана түзетуге рұқсат бермек.

Еске сала кетейік, Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген мемлекеттік шәкіртақылардың нақты мөлшерін жариялаған болатын:

Бакалавриат студенттері — 52 372 теңге;

Педагогикалық мамандықтар — 84 000 теңге;

Магистранттар — 117 098 теңге;

Докторанттар — 262 500 теңге.

Әлеуметтік қолдау мен ынталандыру:

Ерекше санаттағы білім алушылар үшін жоғарылатылған төлемдер қарастырылған. Атап айтқанда, мүгедектігі бар студенттердің шәкіртақысы — 75%-ға, жетім балалардың төлемі — 30%-ға, ал оқу озаттарының шәкіртақысы — 15%-ға жоғары.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары