Шалқарда 17 жастағы оқушының өліміне қатысы бар деп үш адам ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Оларды уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
17 жастағы Әлихан Жәнібек жаппай төбелес кезінде пышақ жарақатынан көз жұмған.
Оқиғаны ашу үшін жедел тергеу тобы құрылды. Қазіргі таңда «Адам өлтіру» және «Бұзақылық» баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.