Malim.kz
Қоғам

Салтанат Нүкенова ісі: сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

Сабина Асқарқызы
Informburo.kz

Астана қаласында өткен кассациялық сот Бақытжан Байжановтың жазасын жеңілдету туралы шағымды қанағаттандырмады, деп хабарлайды Malim.kz.

Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты деректі жасыру бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сот шешіміне сәйкес, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 мамырдағы үкімі және апелляциялық сот алқасының 2024 жылғы 26 маусымдағы қаулысы өзгеріссіз қалдырылды. Осылайша, қорғау тарапының барлық уәждері негізсіз деп танылып, шағым кері қайтарылды.

Істі қарау барысында сот өкілі Ерлік Сералин бұл шешімнің заң аясында қабылданғанын атап өтті.

Сот отырысында марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді де сөз сөйлеп, сотталушының жазасын жеңілдетуге қарсы пікір білдірді. Ол Байжановтың тәртіптік бұзушылықтары бар екенін және оның қамауда ұстау ережелерін жүйелі түрде сақтамағанын атап өтті.

Айта кетейік, Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың қазасы туралы хабарламағаны үшін 4 жылға сотталған. Ал негізгі қылмыс бойынша Қуандық Бишімбаев әйелін аса қатыгездікпен өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеуде.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары