Malim.kz
Экономика

Салық органдары мобильді аударымдарды кімдерден тексереді?

Айбын Атабай
kapital.kz

Биылдан бастап Қазақстан банктері жеке тұлғалардың мобильді аударымдары туралы мәліметті әр тоқсан сайын Мемлекеттік кірістер комитетіне жолдай бастады. Алғашқы ескертулер мамыр айынан бастап жіберілуі мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz. 

Қаржы сарапшысы Максим Барышевтің айтуынша, салық органдары ең алдымен үш ай қатарынан ай сайын 100-ден астам адамнан ақша қабылдаған және жалпы сомасы 1,1 миллион теңгеден асқан азаматтарды тексереді. Бұл тіркелмей кәсіпкерлікпен айналысу белгісі ретінде қарастырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, бір реттік 5 миллион теңгеден асатын аударымдар да бақылауға алынуы ықтимал. Сарапшы туыстар мен достар арасындағы аударымдар заң бұзушылыққа жатпайтынын атап өтті.

Егер азаматқа хабарлама келсе, оған 30 жұмыс күні ішінде түсініктеме беру қажет. Жауапты eGov, салық төлеуші кабинеті немесе банк сервистері арқылы жіберуге болады.

Мамандардың айтуынша, салық органдары азаматтардың табысы, мүлкі мен шығысын салыстырып тексереді. Ал тіркелмей кәсіпкерлікпен айналысқаны анықталғандарға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары