Malim.kz
Сұқбат

Салық органының қызметкері тұрғындарға микро-несие рәсімдеп, өзінің шотына аударып отырған

Malim Админ

Қосшы қаласының прокуратурасы 5 интернет-алаяқтық  жасаған салық органының қызметкерін анықтады. Ол қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажет екенін сылтаулатып шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрде жәбірленушілерге микро-несие рәсімдеп, өзінің шоттарына аударып отырған.

Күдікті ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабымен (алаяқтық) қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Облыс прокуратурасы азаматтарды барлық ақпаратты жан-жақты тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржылық операцияларын жүргізу туралы ұсыныстарына сыни тұрғыда қарау қажет екенін ескертеді.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары