Malim.kz
Әлем

Шамандар бал ашып, бірақ айтқандары келе бермейтінін ескертті

Ереке Базарқұл
© znaj.ua

Лимада өтетін жыл сайынғы дәстүрлі рәсім барысында перулық шамандар 2026 жылы әлемдегі қақтығыстар тоқтамауы мүмкін екенін және Венесуэлада саяси өзгерістер болуы ықтимал екенін айтты. Олар әлем жұртшылығын бейбітшілік пен тұрақтылыққа шақырды.

Бұл туралы Euronews жазыпты.

Перулық шамандар 2025 жылдың соңғы күндері Лимадағы Сан-Кристобаль төбесіне жиналып, келер жылға арналған жыл сайынғы салт-жорасын жасап, өз болжамдарымен бөлісті.

Рәсім кезінде рухани көшбасшылар Украина мен Ресей арасындағы соғысты қоса алғанда, халықаралық жанжалдар 2026 жылы да жалғасуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Кейбір шамандар Венесуэлада да саяси өзгерістер болады деп болжап, президент Николас Мадуро келесі жылы қызметінен кетеді деген тұспал айтты.

Рәсім аясында дәстүрлі музыка орындалып, билер биленді, сондай-ақ гүлдер, кока жапырақтары мен хош иісті түтін шығарылып, құрбандық шалынды. Бұл әрекеттер әлем көшбасшыларының салмақты шешім қабылдауына ықпал етіп, бейбітшілік орнауына сеп болады деген сенім айтылды. Сонымен бірге, шамандар жер сілкінісі мен ауа райының күрт құбылуы сияқты табиғи апаттар болуы мүмкін екенін ескертті.

Ұйымдастырушылар мұндай болжамдар жыл сайын көпшіліктің назарын аудартатынын, алайда, бұрын айтылған жорамалдардың бәрі бірдей дәл келе бермейтінін атап өтті.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары