Түркістан облысында жолда тұрып қалған жүргізушіге полицейлер көмек көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.
Самара – Шымкент автожолын патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары жол жиегінде тұрып қалған көлікті байқаған. Белгілі болғандай, Түлкібас ауданынан Түркістан қаласына бағыт алған жүргізуші қолайсыз ауа райы салдарынан көлікті басқара алмай, жолда қалып қойған.
Полицейлер жедел әрекет етіп, көлікті қайтадан жолға шығарып, жүргізушіге сапарын қауіпсіз жалғастыруына көмек көрсетті.
Жүргізуші полицейлерге шұғыл көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.