Malim.kz
Шоу-бизнес

"Шаңырақ көтердік": Танымал актер өзінен 21 жас кіші қызға үйленіп, тойын жасады

• Мадина Ізекен
Фото-коллаж: Malim.kz / ЖИ арқылы өңделген

Қазақстандық актер Нұркен Иманқұлов Instagram парақшасында жұбайымен бірге түсірілген видео жариялап, жеке өміріндегі қуанышты жаңалығын жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі жұбайымен үйлену тойын өткізіп жатқанын айтып, көпшіліктен құттықтау күтетінін жеткізді.

"Құттықтап қойсаңыздар болады. Бүгін бізде үйлену той. Алдын білесіздер, жасалынбай, бүгін енді тойды өткізгелі жатырмыз. Қуаныштан толқып тұрмыз", – деді актер.

Айта кетейік, Нұркен Иманқұлов 2025 жылдың маусымында Мереке есімді арумен отбасын құрғанын жариялаған. Сол кезде бірқатар ақпарат құралдары актердің жұбайы өзінен 21 жас кіші екенін жазған.

2026 жылдың сәуірінде ерлі-зайыпты ұлды болғанын хабарлады. Сәбиге Әбдез Алан Нұркенұлы деген есім берілген.

Актердің айтуынша, олар үйлену тойын осы уақытқа дейін өткізбеген. Енді ерлі-зайыпты көптен жоспарланған тойын жасап жатыр.

Нүркен Иманқұлов кім?

Нүркен Әбдезұлы Иманқұлов – қазақстандық жайдарманшы, әзілкеш және кино актері. 1989 жылы 30 тамызда Шымкент қаласында дүниеге келген.

Өнер иесі "Жайдарман" ойындары арқылы көпшілікке танылып, кейін кино саласында актерлік жолын жалғастырған. Ол "Менің үлкен қазақ отбасым", "Келінжан", "25 теңге" және "План Ш" фильмдеріне түскен.

Мадина Ізекен
Автордың басқа материалдары