Malim.kz
Қоғам

Сәпиев пен Есімханов мәселесі. Ушыққан жағдайға облыс әкімі Бөлекпаев араласты

Айбын Атабай
egov.kz

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Серік Сәпиев пен  Дәурен Есімхановтың арасында болған түсініспеушілікке қатысты пікір білдірді деп хабарлайды  Malim.kz  Ertenmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Осы жағдайға байланысты аймақ басшысы асығыс шешім мен алдын-ала баға беруге болмайтынын ескертіп отыр.

«Қандай жағдай болса да, оған құқықтық тұрғыдан баға берілуі тиіс. Әрбір тәртіпсіздік жазасыз қалмауы керек. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың жұмысы еш кедергісіз, заң аясында жалғасуы қажет. Бұл оқиға бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі арнайы тексеру жүргізеді. Басқарма қызметі жан-жақты аудиттен өтеді. Тергеу аяқталғаннан кейін барлық әрекетке тиісті құқықтық баға берілетін болады», – деді Ермағанбет Бөлекпаев аппарат жиынында.

Облыс әкімі шенділерді қызметтік әдеп нормасы мен заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

«Кез келген түсініспеушілік, келіспеушілік тек құқықтық жолмен шешілуі тиіс. Басшы қызметтік тәртіпке, ұжымдағы ахуалға, мемлекеттік мекеменің беделіне тікелей жауапты. Осыны бәріңіз есте сақтаңыздар», – деп қатаң ескертті ол.

Еске сала кетсек, 21 қаңтар күні Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары, танымал самбошы Дәурен Есімхановтың арасында жанжал шыққан. Кейін әлемжеліде оқиғаның видеосы тарап, жағдай тіпті ушыққан еді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары