Malim.kz
Қоғам

Шариғат бойынша киік етін жеуге бола ма?

Арман Қайыпхан

ҚМДБ киіктер шариғатқа сай атылған жағдайда ғана етін жеуге болатынына меңзейді, деп хабарлайды Malim.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚМДБ өкілі айтты.

«Ұстайтын аң қолға үйренбеген, жабайы аң болуы керек. Ауланып жатқан аң көзден таса болмауы қажет және аңшы артынан қуып отыруы шарт», – дейді ҚМДБ өкілі Елбек Тасболатұлы.

Айтуынша, қарудың жарақаттап кесуінен аң өлсе – адал, ал соққыдан өлсе арам саналады.

Аңшы аң аулау немесе оқ атар алдында «Бісміллә» сөзін айтуы тиіс. Бұл сөзді әдейі айтпаса, ол аң адал емес.

Фото: Экология министрлігі

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары