Malim.kz
Қоғам

Шарын шатқалында жыраға құлаған туристке құтқарушылар көмек көрсетті

Арман Қайыпхан

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы Шарын шатқалында Қостанай облысынан келген турист терең жыраға құлап қалған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қасындағы достары оны шығара алмай, жақын маңда кезекшілік етіп жүрген Төтенше жағдайлар министрлігінің механикаландырылған құтқару тобына жүгінген.

Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында 1989 жылы туған ер адам құтқарылды. Оған медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ азаматтарды туристік сапарлар кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Фото: ТЖМ

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары