Malim.kz
Сұқбат

Саунадағы лагерьге Алматы қаласы 107,8 млн теңге бөлген

Malim Админ

«Жазғы лагерьде баланың демалуына жағдай жасалмаған, өрескел бұзушылықтар орын алғанына куә болдым. Лагерь бұрынғы сауна ғимаратында орналасқан. Қызмет көрсетуші - «БелРичи» ЖШС. Мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес қызмет көрсету құны - 107,8 млн. теңге. Жоспар бойынша 1150 бала демалыспен қамтылуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу процедурасы қалай жүргізілгені төңірегінде мәселе туындауына байланысты өз тарапымнан ҚР Бас прокуратурасына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне тексеру жүргізу жөнінде сауал жолданды. Бұл мәселені өз бақылауыма алдым» деп жазды депутат.

Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша жақын арада балалар басқа демалыс лагерлеріне жіберіледі.

Кеше оқушылардың демалуға жазғы лагерьге емес, саунаға жіберілгенін хабарлағанбыз.

https://malim.kz/article/society/oni-obeshhali-ispravit-situaciyu-akimat-o-lagere-v-saune-19722

Malim Админ
Автордың басқа материалдары