Malim.kz
Қоғам

Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты жол апаты ісі аяқталуға жақын

Арман Қайыпхан
Фото: instagram.com/zhambyl_police

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмонова қатысқан жол апаты бойынша тергеу аяқталуға жақын. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, қазір соңғы кешенді автотехникалық сараптаманың қорытындысы күтіліп отыр.

«Тергеудің негізгі әрекеттері аяқталды. Сараптама нәтижесіне қарай айып тағу немесе істі сотқа жолдау туралы шешім қабылданады», – деді Санжар Әділов.

Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізілуде. Бұл бапқа сәйкес, жол қозғалысы ережесін бұзу салдарынан адам өліміне әкелген тұлға бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан шектелуі мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін болған жол апаты салдарынан екі адам қаза тапқан еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары