2026 жылғы 25 қазаннан бастап SCAT әуе компаниясы Алматы – Орал – Алматы бағыты бойынша күнделікті рейстерді орындай бастайды. Рейстер күзгі-қысқы навигация кезеңінде Boeing 737 ұшақтарымен жүзеге асырылады.
Жаңа кесте Батыс Қазақстан тұрғындарына Алматыға сапарларын ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік береді. Рейстердің күн сайын орындалуы жолаушылардың сапар күнін таңдаудағы мүмкіндігін арттырады.
Алматы бағыты Орал тұрғындары үшін іскерлік сапар, білім алу, жеке шаруалар және одан әрі басқа бағыттарға ұшу тұрғысынан маңызды бағыттардың бірі саналады.
Орал халықаралық әуежайының маршруттық желісін кеңейту өңірдің көлік қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.