Malim.kz
Экология

"Семей орманы": өрт сөндіру жалғасып жатыр

Айгүл Таңатар
Ашық дереккөзден

Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында шыққан өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы үздіксіз жалғасып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

17 шілде сағат 08:00-дегі дерек бойынша тілсіз жаумен күреске 769 адам, 191 бірлік жерүсті техникасы мен 8 тікұшақ тартылған.

«Түнгі уақытта өртті сөндіру жұмыстары өрттің бүкіл периметрі бойынша жүргізілді. Мамандар жалынның әрі қарай таралуына жол бермеу үшін өрт шетін күзетіп, сөндіру шараларын атқарды. Таңертең жетуі қиын жерлерді сөндіру үшін дереу өрттің ішкі жағына жаяу десант жіберілді. Сонымен қатар әуе техникасы арқылы өрт ошағына су төгу жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта өрт аумағында ашық жану байқалмайды», делінген Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі таңда мамандар жекелеген түтіндеп жатқан ошақтарды толық сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өрт басталғалы бері авиация 243 мәрте су төгіп, жалпы 546 тонна су жеткізген.

Айта кетелік, кеше сағат 09:45-те «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха филиалында орман өрті тіркелді.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары