Malim.kz
Қоғам

«Семей орманы» резерватынан тағы да өрт шықты

• Берік Дәулетов

Семей орманы резерватының Бегенев филиалының Дөнгүл орманшылығы аумағында мемлекеттік орман қоры өртеніп кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметіне сенсек, өрт кеше 12:06 кезінде байқалған.

Техника орман өртін сөндіру стансасынан 12:12 шамасында жолға шықты.

12:45-те орманшылар мен құтқарушылар өрт сөндіруді бастады.

Семей орманы резерваты мен Абай облысы ТЖД қызметкерлері тілсіз жаумен бірлесіп күресті.

Өрттің жалпы ауданы — 7 гектар. Оның ішінде орманмен қамтылғаны — 1,06 га.

Өрт сөндіруге 82 адам және 26 техника қатысты. Оның ішінде МИ-2 тікұшағы да бар.

Жалын түнде ғана ауыздықталып, сөндірілді.

Фото: ТЖМ

Берік Дәулетов
Автордың басқа материалдары