Malim.kz
Қоғам

Семейде әскери құтқарушылар адам өмірін сақтап қалды

Арман Қайыпхан

Cемей қаласының жағажайында Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери қызметшілері шомылу кезінде аяғы тартылып қалған жасөспірімді құтқарып қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Патрульдеу кезінде олар су ішінен көмек сұраған дауыс естіп, бірден әрекет етті. Қызметкерлердің бірі дереу суға секіріп, жасөспірімді жағаға шығарды.

Жасөспірім жағадан шамамен 10–11 метр қашықтықта болған. Медициналық көмекті қажет етпеген бойжеткен өз жағдайының жақсы екенін айтты.

ТЖМ азаматтарды суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және рұқсат етілген жағажайларды ғана пайдалануға шақырады.

Фото: t.me/qr_tjm

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары