Malim.kz
Қоғам

Семейде аяусыз соққыға жығылған оқушының отбасына халық 24 млн теңге жинап берді

• Арман Қайыпхан

Абай облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Эльзира Жүнісованың айтуынша, бұл қаражатты үй сатып алуға жұмсау жоспарланған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазір 5 баласы бар отбасы жалдамалы пәтерде тұрады.

"Баспана сатып алудың ашықтығы қамтамасыз етіледі. Бұл үшін комиссия құрылады. Оның құрамына облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, заңгерлер мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енеді», - деді омбудсмен.

Әлеуметтік желі мен БАҚ-та мектеп оқушысын соққыға жығып, тепкілеген видео тарағаннан кейін қылмыстық іс қозғалды. Мектеп директоры жұмыстан қуылған болатын.
Фото: Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасы

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары