Malim.kz
Қоғам

Семейде мас күйде көлік жүргізген тұрғын Абай кітапханасырның ғимаратына соғылды

Сабина Асқарқызы
Бейнежазбадан скриншот

Семей қаласының орталығында жеңіл көлік жоғары жылдамдықпен Орталық алаңға шығып кетіп, орындықты бүлдірген. Сонымен бірге, екі көлікпен соқтығысып, Абай атындағы кітапхана ғимаратына соғылған, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Аталған оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Бұл жайтты Абай облыстық полиция департаменті оқиғаны растады және кінәлі тұлғаны анықтады.

«2026 жылғы 2 мамыр күні шамамен сағат 20:30-да 54 жастағы жүргізуші Абай көшесімен RAVON маркалы автокөлікті басқара отырып, қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, бір бағытта келе жатқан HAVAL және ЛАДА маркалы көліктермен соқтығысқан. Одан кейін Орталық алаң арқылы жүріп өтіп, орындық пен Абай атындағы кітапхана ғимаратына соғылған», – делінген полиция хабарламасында.

Жүргізуші мас күйде болған. Осы дерек бойынша ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 20 тәулікке дейін қамауға алу және жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары