Семей қаласында аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін сотталған, жеті ай бойы пробациялық бақылаудан жасырынған 36 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Полицияның мәліметінше, ол 2026 жылдың қаңтар айында пробация талаптарын бұзып, тұрғылықты мекенжайынан өз еркімен кетіп қалған. Осыдан кейін Павлодар облысының полицейлері оны іздеуге жариялаған.
Күдікті Семей қаласында жергілікті полиция қызметкерлерінің көмегімен қолға түсті. Қазіргі уақытта ол Семей қаласының тергеу изоляторына қамалды. Жақын арада Павлодар қаласына этаппен жеткізіледі.
Сондай-ақ тәртіп сақшыларының хабарлауынша, 2026 жылдың басынан бері Павлодар облысының полицейлері анықтау, тергеу және сот органдарынан бой тасалап жүрген 57 адамның жүрген жерін анықтаған.