Malim.kz
Қоғам

Сенбі күні еліміздің бірнеше өңірінде тұман мен қар күтіледі

Арман Қайыпхан
Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сенбі күні Қазақстанның 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жетісу, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Қарағанды және Түркістан облыстарында тұман күтіледі. Бірқатар өңірлерде шағын қар, төменгі боран, көктайғақ және жауын-шашын болжанып отыр.

Жетісу облысындағы Алакөл маңында желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін, кей уақытта 28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысында, әсіресе таулы аудандарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, төменгі боран және қалың тұман күтіледі.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары