Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов атқарып келген қызметтерінен босатылды. Бұл туралы malim.kz тілшісі ekaraganda.kz басылымына сүйеніп хабарлайды.
Әкімдіктегілер нақтылағандай, шенеуніктер өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш берген.
«Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқаратын қызметтерінен босатылды», —
делінген таратылған хабарламада.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов жұмыс орнында төбелесті деген ақпар тараған болатын.