Қарағанды қаласында спорт саласының басшылары арасында жанжал шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Qrnews.kz сайтының мәліметінше, оқиға 21 қаңтар күні кешкісін Қарағанды қаласының Бұқар жырау даңғылы бойында болды. Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев әріптесімен сөзге келіп, соңы төбелеске ұласты. Нәтижесінде Сәпиев дене жарақатын алған.
Жанжалға оның орынбасары, самбодан Азия және әлем чемпионы Дәурен Есімхановтың қатысы бар.
Полиция мәліметінше, оқиға бойынша «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта жәбірленушінің жарақатының ауырлығы сот-медициналық сараптама арқылы анықталады.
Оқиғаның нақты себептері әзірге белгісіз. Құзырлы органдар барлық мән-жайды тексеріп жатыр.