Malim.kz
Қоғам

Шерзат Болатты әкесі пышақтауы мүмкін – адвокат мәлімдемесі

Арман Қайыпхан

Шерзат Болатты оның әкесі – Қаржаубай Нұрымов өлтірген болуы мүмкін деген нұсқаны да қарастыру қажет. Мұндай мәлімдемені сотта айыпталушылардың бірі Жұмат Әбеновтың адвокаты жасады, деп хабарлайды Malim.kz КазТаг-қа сілтеме жасап.

«Кенет төбелес басталып, әкесі байқамай пышақты ұлына сұғып алған болуы мүмкін. Мұндай нұсқаны да жоққа шығаруға болмайды», – деді адвокат дүйсенбі күні өткен тараптардың жарыссөзінде.

Сондай-ақ, ол жанжалдың түпкі себебі ретінде Шерзат Болатқа ата-анасының берген тәрбиесі дұрыс болмауы мүмкін деген болжамын да айтты.

«Қаржаубайды да жауапкершілікке тартуға болады. Орысша айтқанда, ол жерде нағыз қырғын ұйымдастырған», – деді Әбенов.

Бұған дейін айыптаушы тарап сотталушыларға 23 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.

Фото: видеодан кадр

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары