Malim.kz
Қоғам

Шерзат ісін қараған адвокат неліктен Арман Дүйсеновтің әйеліне көмектесе алмады? (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Арман Дүйсеновтің әйелі Айсұлу Айданқызының ісі қоғамда кеңінен талқыланып жатқандықтан, белгілі заңгер Мейірман Шекеев жағдайға қатысты өз ұстанымын ашық түсіндіруге мәжбүр болды. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында түрлі қауесеттің алдын алу үшін шындықты айту қажет деп есептейтінін атап өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Соңғы күндері кей журналистер мен желі қолданушылары "Шекеев істі тастап кетті", "қорқып қалды" деген сыбыстар тарата бастаған. Осыған байланысты заңгер өз шешімінің нақты себебін түсіндірді.

"Бұл іске біз Руслан Өтепбай екеуміз ешқандай пайда іздеп барған жоқпыз. Бар мақсатымыз – қолдан келгенше көмектесу, халықтың өтінішін жерде қалдырмау еді", – деп жазды ол.

Алайда Айсұлу Айданқызының қазіргі жаңа өкілдері Мейірман Шекеев пен оның әріптесінің істі әрі қарай жүргізуіне қарсы болған. Сол себепті қорғаушы өз еркімен істен шеттету туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

Ол қазір істі жүргізіп жатқан Гүлмира және Гүлзира есімді адвокаттарға сәттілік тілеп, жұмыстарына құрмет білдіретінін айтты.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары