Malim.kz
Қоғам

Шетелден ақша алып отырған қазақстандықтардың тізімі жарияланады

Арман Қайыпхан

Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік көздерден қаржы алатын тұлғалардың тізімін жариялауға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстанда 2018 жылы Салық кодексіне өзгерістер енгізіліп, шет мемлекеттерден, шетелдік азаматтардан, халықаралық және шетелдік ұйымдардан қаржы немесе мүлік алған тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарына есеп беруі міндеттелді.

Бұл есепті заң көмегін көрсету, қоғамдық пікір қалыптастыру, социологиялық зерттеулер жүргізу қызметтерімен айналысатын тұлғалар тапсырады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2022 жылы Салық кодексінің 29-бабына түзетулер енгізіліп, комитеттің ресми интернет-ресурсында шетелден қаржы немесе мүлік алған азаматтардың тізімін жариялау тәртібі бекітілді.

Аталған мәліметтер жылына екі рет, әр жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, www.kgd.gov.kz сайтында орналастырылады. Бұл шара мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдарға деген сенім деңгейін арттыруға бағытталған.

Шетелден қаржыландырылатын қазақстандықтар мен ұйымдарды анықтау тәжірибесі бұған дейін де қолданылып келген.

Фото: Malim.kz

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары