Malim.kz
Қоғам

Щучинскіде қонақүйден өрт шығып, 24 адам құтқарылды

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay.com

Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан бес қабатты қонақүйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ мәліметінше, өрт ғимараттың бірінші қабатындағы сауна бөлмесінде болған. Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, тілсіз жауды 50 шаршы метр аумақта қысқа уақыт ішінде сөндірді. Мамандар өрттің өзге бөлмелерге таралуына жол бермеді.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін қонақүйдің жоғарғы қабаттарынан 24 адам, оның ішінде екі бала өздігінен эвакуацияланған.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары