Биыл шілде айында қазақстандықтар Астана күніне байланысты қосымша демалады. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеп хабарлайды.
Қазақстанда 6 шілде – Астана күні ретінде ресми түрде аталып өтеді. Мемлекеттік мерекеге орай 2026 жылы қазақстандықтар қосымша демалыс алады. Өйткені мереке дүйсенбі күніне сәйкес келіп отыр.
Бес күн жұмыс істейтіндер үшін:
4 шілде (сенбі) – демалыс күні;
5 шілде (жексенбі) – демалыс күні;
6 шілде (дүйсенбі) – Астана күніне арналған мерекелік демалыс.
Осылайша, ел тұрғындары 4-6 шілде аралығында қатарынан үш күн демалады.
Алты күн жұмыс істейтіндер үшін:
4 шілде (сенбі) – жұмыс күні;
5 шілде (жексенбі) – демалыс күні;
6 шілде (дүйсенбі) – мерекелік демалыс күні.
2026 жылдың шілде айында бес күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін қазақстандықтар 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді. Ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін 5 демалыс және 26 жұмыс күні болады.
Дәстүр бойынша 6 шілдеде еліміздің барлық өңірінде Астана күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді. Ең ауқымды бағдарламалар Астана қаласында ұйымдастырылады. Әдетте мереке аясында концерттер, фестивальдер, көрмелер, спорттық жарыстар, жәрмеңкелер және түрлі мәдени шаралар өткізіледі.
2026 жылы шілде айы еңбек демалысын алуға ең қолайлы айлардың бірі саналады. Себебі бұл айда 22 жұмыс күні бар, сондықтан жалақы мен демалыс ақысының арасындағы айырмашылық айтарлықтай болмайды.