Malim.kz
Қоғам

Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Айбын Атабай
Kazinform

Биыл шілде айында елімізде бір мемлекеттік мереке тойланады. Күнтізбелік есепке сәйкес, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтардың демалыс күндері әртүрлі болады.

Қазақстанда 6 шілде мемлекеттік мереке — Астана күні аталып өтеді. 

Электронды үкімет порталында жарияланған мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, 6 шілде дүйсенбіге сай келмек. Сол себепті, қазақстандықтар 4, 5 және 6 шілде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) үш күн қатар демалады. 

Ал жұмыс аптасы сейсенбі, 7 шілдеден басталады.

Алты күндік жұмыс кестесі бар қызметкерлер үшін 4 шілде, сенбі толық жұмыс күні болып қала береді. Олар 5 және 6 шілде (жексенбі, дүйсенбі) демалады.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 2026 жылдың шілде айында 9 демалыс және 22 жұмыс күні бар.

Ал алты күндік жұмыс кестесі бар қызметкерлер 5 күн демалып, 26 күн жұмыс істейді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары