Malim.kz
Қоғам

Синоптиктер: алдағы үш күнде нөсер жауын мен қатты ыстық болады

Айбын Атабай
gov.kz

«Қазгидромет» РМК 13–15 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ел аумағында ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

13 және 15 маусымда Қостанай облысында, 15 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

Осы кезеңде елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында, ал 15 маусымда оңтүстік-батысында бұршақ жауып, дауылды жел соғуы ықтимал. Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейеді.

Кей өңірлерде қатты ыстық та сақталады: Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында, сондай-ақ 14–15 маусымда Қарағанды, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында, 15 маусымда Атырау облысында ауа температурасы +35…+38°С-қа дейін көтеріледі.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары