Malim.kz
Қоғам

Синоптиктер еліміз бойынша алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райын болжады

Айбын Атабай
Фото: ашық дереккөз

Қазгидромет ел аймақтары бойынша 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері көп аймақта ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктер атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталатынын алға тартты.

“Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің батыс өңірлерінде бұршақ жауып, екпінді желдің күшеюі күтіледі. Ал шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-батыста және орталықта жауын-шашынсыз ауа райы болжанады”, – делінген хабарламада.

Екі жасөспірімді Жетісу облысындағы өзен ағысы ағызып кете жаздады (видео)Оқыңыз

Дегенмен жауын-шашынға қарамастан, ыстық ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы республиканың басым бөлігінде +33…+40°С. Ал оңтүстігі мен оңтүстік-батысында +38…+45°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық күтіледі.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары