Malim.kz
Қоғам

"Сиырға туған күн бұзауға да туады": Гүлзира Айдарбекова ел естімеген шындықты айтты

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде келіні Жұлдызбен және оның ата-анасымен ара-қатынас туралы қойылған сұраққа жауап беріп, тағы да көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Threads желісінде бір қолданушы Айдарбековадан: "Мен сізді ана ретінде құрметтеймін. Бірақ неге Жұлдыз бен оның ата-анасымен қарым-қатынасты дұрыстамайсыз?" – деп сұраған.

Продюсер бұл сауалға ашық түрде жауап берді:

"Мен Құдай емеспін, бәрін бір өзім шеше алмаймын. Әр адамның өз қалауы, өз таңдауы бар. Оның үстіне бес "козыры" өзінде – ол менің немерелерім. Солар үшін керең де, соқыр да болуға дайынбыз. Балалары өсіп келеді. "Көрінген таудың алыстығы жоқ" дейді, бәрінің өз уақыты бар. Сиырға туған күн бұзауға да туады, сол кезде бәрін түсінеді", – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары