Malim.kz
MALIMet

Соғыс министрлігі пайда болады

Malim Админ

DW - Неміс толқыны басылымы АҚШ президенті Дональд Трамп осы жұмада жаңа жарлық шығаратынын жазады.

Жарлық - Пентагонға, яғни АҚШ қорғаныс министрлігіне 1949 жылға дейінгі "Соғыс министрлігі" деген атауды қайтаруға байланысты.

Ал қорғаныс министрі Пит Хегсет сәйкесінше, "соғыс министрі" деп аталуы мүмкін.

Жарлықта қорғаныс министрі Пит Хегсетке жаңа атаудың қолданысқа еніп, тұрақты болып қалуын міндеттейтін  нұсқау да бар көрінеді.

Трамп тамыз айының аяғында журналистермен мәжілісінде:


"Соғыс министрлігі болған кездегі баянды жеңістер хикаялары бәріне ұнайды", -


деген болатын.

IMAGE: zamin.uz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары