АҚШ ауқымды соғысқа дайындық жүргізіп жатыр. Мұндай мәлімдемені танымал америкалық журналист Такер Карлсон жасады, деп хабарлайды Malim.kz.
Журналистің айтуынша, мұндай қорытынды жасауына АҚШ президенті Дональд Трамптың Пентагонға рекордтық бюджет сұратуы себеп болған. Мемлекет басшысы Пентагон үшін 1,5 триллион доллар көлемінде қаржы бөлуді ұсынған. Бұл қазіргі бюджеттен шамамен бір жарым есе көп. Трамп бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Өз жазбасында АҚШ президенті қаржыландырудың артуы елге кез келген қарсыластан қорғай алатын "армандағы әскерді" құруға мүмкіндік беретінін айтқан. Сондай-ақ ол АҚШ мұндай қадамға "әлдеқашан құқылы" екенін де атап өткен.
Такер Карлсонның пікірінше, мұндай ауқымды әскери бюджет елдің жаһандық немесе ірі аймақтық соғысқа дайындалып жатқанын көрсетеді.
"Президент Пентагон бюджетін бір триллион доллардан бір жарым триллион долларға дейін арттыруды ұсынды. Мұндай бюджет әдетте жаһандық немесе өңірлік соғысқа дайындалып жатқан елдерге тән. Біз анық түрде дүниежүзілік соғысқа бет алып бара жатырмыз, кешіріңіз", – деді журналист өз бағдарламасының эфирінде.