Malim.kz
Экология

"Солтүстікте қар, оңтүстікте жаңбыр жауады". 11 ақпанға арналған ауа райы болжамы

• Арман Қайыпхан

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы сейсенбіде, 2025 жылғы 11 ақпанда елімізде ауа райы қандай болатынын айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.
Болжамға сәйкес, еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары қысымды өрістің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Оңтүстікте, оңтүстік-батыста фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады деп күтіледі, еліміздің солтүстігінде аздап қар жауады, түнде Түркістан облысының тауларында қалың қар түседі", - дейді "Қазгидромет".

Сондай-ақ республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс - тұман, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста жел күшейеді, солтүстікте, шығыста жаяу бұрқасын жүреді, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік- батыста көктайғақ болады деп күтіледі.

Фото: pexels

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары