Malim.kz
Қоғам

"Соңғы жүздесу": Ләйлә Сұлтанқызы Асанәлі Әшімовпен соңғы рет кездескенін еске алды (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
Malim.kz коллажы

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желідегі парақшасында Асанәлі Әшімовтің видеосын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "Жарқын жүздесу" бағдарламасына қонаққа келген Асанәлі Әшімов ішіндегі сырын ашып, барынша ақтарылған. Осы бір видеоны өз парақшасында жариялаған Ләйлә Сұлтанқызы "Жарқын жүздесу – соңғы жүздесу" деп жазып қойған.

"Ауылда өстік. Соғыс жылдары өстік. Өмірді көріп өстік. Нанның дәмін біліп өстік. Сондықтан да мен даңдайсуға дәтім бармайтын. Осындай қарапайым өмірді көп көрдік. Барлық жұмысты істедік, аш-жалаңаш болдық. Енді осның бәрін бойға сіңірдік", – деді Асанәлі Әшімов.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары