Malim.kz
Қоғам

Сот Екатерина Биволды қазақтарды қорлағаны үшін жауапкершілікке тартты

Арман Қайыпхан
Фото: Instagram/bivol_kate

Санкт-Петербург қаласының Ленин аудандық соты ресейлік және қырғызстандық боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қатысты шешім шығарды. Бұл туралы соттың Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Санкт-Петербург қаласының Ленин аудандық соты Екатерина Биволды РФ ӘҚБтК-нің 20.3.1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сот оған 60 сағат мерзімге міндетті қоғамдық жұмыстар түріндегі жаза тағайындады», – делінген бейсенбі күні жарияланған хабарламада.

Екатерина Бивол қырғызстандықтар мен қазақстандықтарға қатысты қорлау сөздерінен кейін ТМД елдерінде дау ортасында қалды.

2025 жылғы қазанда боксшының бұрынғы әйелі әлеуметтік желілерде қорлау сипатындағы бейнеролик жариялаған.

Осыдан кейін Қырғызстанда оған сырттай қамауға алу шарасы қолданылды, ал Қазақстанда іздеу жарияланып, әйелді экстрадициялау мәселесі көтерілді. Ресейде бұл жағдайға байланысты тексеру басталды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары