Malim.kz
Қоғам

СҚО азаматтары шұғыл түрде Қостанай өңіріне көшіріліп жатыр

• Malim Админ

Солтүстік Қазақстан облысында азаматтар шұғыл түрде көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ мәліметінше, су тасқыны басталғаннан бері облыста 10 345 адам, оның ішінде 2 328 бала алдын ала құтқарылып, эвакуацияланды.

Өңір тұрғындары Қостанай облысына көшіріліп жатыр. Осы мақсатта жедел-құтқару жасағы тәулік бойы Солтүстік Қазақстан облысынан халықты эвакуациялау жұмыстарымен айналысуда.

Сонымен қатар Петропавл қаласында Есіл өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Су тасқыны салдарын жою бойынша жұмыстар күшейтілді. Апаттық-құтқару жұмыстары, еріген қар суын сору, қапшықтар мен инертті материалдарды төсеу, жағалауды нығайту, арық жүйелерін тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір өңірде судың әлі де үйлерді басу қаупі бар.

Фото: ТЖМ

Malim Админ
Автордың басқа материалдары