Malim.kz
Қоғам

ШҚО-да орман өртеніп жатыр

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы «Аюда» алқабында, «Асу-Бұлақ орман шаруашылығы» КММ аумағында орманды алқаптан өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, құрғақ шөп, бұталар мен ағаштар жанған. Өрттің нақты аумағы анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, облыстық ТЖД күштері мен ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» қызметінің екі тікұшағы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта тілсіз жаумен жаяу өрт сөндіру топтары күресіп жатыр. Сонымен қатар тікұшақтар арқылы әуеден су төгу жұмыстары жүргізілуде.

Мамандар өртті оқшаулау және толық сөндіру шараларын жалғастырып жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары