Malim.kz
Қоғам

ШҚО-да жаңа туған егіздер ТЖМ тікұшағымен Өскеменге жеткізілді

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданынан санитарлық авиация желісі арқылы шақырту түсіп, жаңа туған егіздерді облыс орталығына шұғыл жеткізу қажет болды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қазавиақұтқару» экипажы – Руслан Агламбеков, Азамат Кабден және Айдар Мамырханов санитарлық авиация дәрігерлері Жұлдыз Абулова мен Татьяна Сергеевамен бірге тікұшақпен әуеге көтеріліп, ана мен сәбилерді Өскемен қаласына аман-есен жеткізді.

ТЖМ мәліметінше, «Қазавиақұтқару» ұшқыштары ең күрделі жағдайда да тікұшақты кәсіби деңгейде басқара алады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары