Malim.kz
Қоғам

СҚО-да жел үрлемелі матрастағы екі қызды жағадан алып кетті

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы Үлкен Тарангұл көлінде құтқарушылар екі қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға шомылу кезінде болған. Қыздар үрлемелі матраста демалып жүрген сәтте қатты жел оларды жағадан алысқа алып кеткен.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері қыздарды тауып, аман-есен жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары