Malim.kz
Қоғам

ШҚО-да жоғалған оқушы өлі күйінде табылды

Сабина Асқарқызы
Ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Риддер қаласында жоғалып кеткен мектеп оқушысының мәйіті табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Noks.kz басылымының жазуынша, мамыр күні кешке әлеуметтік желілерде баланың жоғалғаны туралы ақпарат тараған еді. Мәліметке сәйкес, ол үйінен шығып, қайта оралмаған.

Бүгін таңертең оқушының мәйіті табылғаны белгілі болды.

Полиция бөлімінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, баланың өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары