9 мамыр күні «Востокцветмет» ЖШС-не қарасты Артемьев шахтасында қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, 9 мамыр күні жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң-желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап кеткен.
Салдарынан жұмысшы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша арнайы комиссия құрылып, жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін тергеу басталды.
Компания марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады.