Malim.kz
Қоғам

СҚО мен Көкшетауда оқушылар сабақты онлайн оқиды

Айбын Атабай
kazinform

Ауа райының күрт суытуына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн форматқа ауыстырылды.

2026 жылғы 26 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы -32 градусқа дейін төмендеді. Осыған байланысты бірінші ауысымдағы 0–11 (12) сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Көкшетау қаласында және Ақмола облысының бірқатар аудандарында бірінші ауысымдағы 1–4 сынып оқушылары онлайн оқуға жіберілді.

Бұған дейін қатты аязға байланысты Астана қаласы мен өңірлердегі кейбір оқушылар да қашықтан оқытуға ауыстырылған болатын.

Еске сала кетейік, Қазақстанда күн күрт суытып, –40 градусқа дейін аяз болатынын жазған едік.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары