Өскеменде «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық акция өтті, деп хабарлайды Malim.kz.
Іс-шараға шамамен 2,4 мың мектеп түлегі қатысты.
Бұл іс-шара мектеп түлектері үшін ерекше оқиғаға айналды. Әр ағашты оқушылар өз қолдарымен екті.
Өңір басшысының айтуынша, мұндай бастама облыс орталығын көркейтіп қана қоймай, жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.
«Уақыт өте келе бұл аллея түлектер қайта оралып, өздері отырғызған ағаштардың қалай өсіп жатқанын көретін ерекше орынға айналады»,– деді Нұрымбет Сақтағанов.