Malim.kz
Қоғам

ШҚО тұрғыны 15 жылдан кейін жеке куәлік алды

Арман Қайыпхан
Фото: ШҚО ПД

Шығыс Қазақстан облысында Саратов ауылының тұрғыны 15 жылдан бері жеке куәліксіз өмір сүріп келген, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ауыл тұрғының құжатсыз жүргенін инспектор Әсет Ескендіров анықтаған. Ер адамның айтуы бойынша 2010 жылы құжатын жоғалтып алып, содан бері қайта жасатпаған екен.

Әсет Мұхтарұлы оған қажетті мәліметтерді жинауға көмектесіп, Қасым Қайсенов кентіне бірге барып, барлық қағазды толтырысып, Халыққа қызмет көрсету орталығына ертіп барды.

«Тәртіп сақшысы алғашқы өтініш беруден бастап толық нәтижеге дейін көмек қолын созды. Осылайша, 8 желтоқсан күні ауыл тұрғыны жаңа жеке куәлігін қолына алды. Бұл оқиға — нағыз адамгершіліктің, профилактикалық жұмыстардың нәтижелі көрінісі және полицияның жай ғана ресми орган емес, халыққа шынайы тірек екендігінің дәлелі», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары