Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери әрекеттерін «саяси тұрғыдан өрескел қателік» деп атады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұл науқан халықаралық құқыққа қайшы келеді және оны болдырмауға болатын еді.
Берлинде Германия Сыртқы істер министрлігінің 75 жылдығына арналған іс-шарада сөйлеген Штайнмайер қазіргі жағдай АҚШ-пен қарым-қатынастың айтарлықтай өзгергенін көрсетті. Ол Вашингтонның күшке негізделген саясатына деген сенім тек одақтастар арасында ғана емес, бүкіл әлемде әлсірегенін атап өтті.
Президенттің пікірінше, Германия АҚШ-пен қатынаста прагматикалық ұстанымда болуы керек, бірақ өз қағидаттарынан бас тартпауы тиіс. Сонымен қатар, халықаралық құқықты елемеуге жол бермеу қажет.
Штайнмайер АҚШ әкімшілігінің көзқарасы Еуропадан өзгеше екенін айтып, Германия бұл ұстанымды өзгерте алмайтынын, бірақ соған бейімделуі керектігін жеткізді. Дегенмен, ол Берлиннің мұндай көзқарасты қабылдауға міндетті емес екенін баса айтты.
Сондай-ақ, Германия басшысы халықаралық құқық нормаларын бұзуды ашық айту маңызды екенін атап өтті. Оның сөзінше, халықаралық құқық «ескірген қағида» емес, ал Еуропалық Одақ дәл осы заңдар мен ережелер негізінде құрылған.